"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Владимировка ауылының орта негізгі мектебі" КММ.
"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Владимировка ауылының орта негізгі мектебі" КММ.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Владимировка негізгі мектебі» ММ 2016-2017 оқу жылына кәсіптік бағдар бойынша есебі

01.07.2017

«Владимировка негізгі мектебі» ММ

2016-2017 оқу жылына кәсіптік бағдар бойынша есебі

        Кәсіптік бейімделу дегеніміз- мамандыққа жаңа жағдайда бейімделу. Онда жастардың алғашқы әсерлері, олардың еңбек әрекетінің мақсатын саналы түсінуі мен сезінуі және мамандыққа қызығуын қанағаттандыруының мөні ерекше. Кәсіптік бейімделудің тиімділігі тек қана нақтылы еңбек нәтижелерінен 

көрінбейді,ол сонымен қатар өндіріс  ұжымында,еңбекке жаңл араласқан жастармен жүргізілетін жүйелі жұмыстың нәтижесінде іске асады. Мектептің әлеуметтік адаптация бойынша жұмыстарының негізгілерінің бірі кәсіптік бағдар, үлкен өмірге дайындау, бұл жұмыс болашақта дұрыс мамандық таңдай білуге бейімдейді.

  Кәсіптік бағдар жұмысының мақсаты:

- кәсіптік бағдарды еркін таңдай білуге мүмкіндік беру;

  Кәсіптік бағдар жұмысында келесі принциптер қадағаланады:

- кәсіптік бағдар 1 – 9 сынып оқушылары арасында жүйелі түрде жүргізіліп отырады;

- кәсіптік бағдарды оқытуда дифференциялық және жеке жұмыстар қамтылады;

- жұмыстың нәтижелі болу мақсатында ата-аналармен де жұмыстар жүргізіледі;

- мектеп пен ата-аналар арасында кәсіптік бағдар беру бойынша тығыз байланыста жұмыс жүргізілееді.

- мамандықты өмірмен байланыстыру және кадр қажеттілігі ескеріледі.

  2016-2017 оқу жылының кәсіптік бағдары

- 8-9 сынып оқушыларының қызығушылықтарын ескеру;

- кәсіптік бағдарда оқушылардың икемдіктерін бақылау;

- оқушыларға жадынама дайындау және мамандық таңдауда жеке әдістеме көрсету;

- кәсіптік бағдар туралы оқу-тәрбиелік процесте ақпарат беру;

        

2016-2017 оқцу жылының басында 1-6 сынып оқушылары арасында «Менің болашақ манадығым» атты сурет байқауы өткізілді.  Кәсіптік бағдар адамға мамандық таңдауға көмек береді. Осындай жұмыстарда жақсы нәтиже көрсететін, ол кәсіптік тестілеу. Осындай жұмыс 8-9 сынып оқушыларымен жүргізілді.  8-9 сынып оқушыларының көбі сабақ кезінде қызығушылық білдірген мамандықтары, ұнаған өз мамандықтары туралы, қызығушылықтары туралы сауалнама жүргізу кезінде көрсете алды. Бұр кәсіптік бағдар кезінде нәтижелі жұмыс істегендерінің белгісі. Оқу-жылы кезінде мектепте кәсіптік бағдар тақырыбында қабырға газеттері жасалынып отырды. 8-9 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар бойынша «Мамандықтар әлемінде», Мамандық лабиринтінде» атты ойындар ойналды.Орыс тілі мұғалімі ұйымдастыруымен «Біздің отбасымыздың мамандықтары» атты отбасылық ойындар ойналды. Біздің мектепте кәсіптік бағдар тақырыбында «Жалпы еңбек қауымдастығы» құрылып жұмыс істеуде, жұмыс жоспары бекітілген. Осы қауымдастық негізінде келесі іс-шаралар өткізілді:

- «Мемлекеттегі менің орным» тақырыбында әр түрлі мамандық иелерімен келдесу ұйымдастырылды;

- Ата-аналар жұмыс орындарына экскурсия өткізілді;

- «Жалпы еңбек қауымдастығы» тақырыбында ақпараттық стенд жасалды.

   Сонымен қатар педагог ардагерлерімен кездесу дәстүрге айналды.

      Кәсіптік бағдарды жүйеге келтіру мақсатында жұмыс жоспары бекітілді. Кәсіптік бағдар күні қарсаңында экскурсиялар ұйымдастырылады.      

2016-2017 оқу жылында

1-9 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар бойынша келесі мамандықтармен

кездесулері өткізілді:

Мекеме атауы

сынып

Педагогтың ТАӘ

1.

«КазПочта» (с. Максимовка)

8 – 9

Гайдым Е.В.

2.

мини – маркет «Арина» (с. Максимовка)

7 – 9

Гайдым  Е.В.

3.

Пекарня (с. Максимовка)

7 – 9

Гайдым Е.В.

4.

акимат Максимовского сельского округа (с. Максимовка)

7 – 9

Гайдым Е.В.

5.

Больница (с. Максимовка)

7 – 9

Гайдым Е. В.

6.

коллежд АТК (с. Каменка).

 

 

Гайдым Е.В.,

Шаймурзина Г. Б.

  2016-2017 оқу жылында 1-9 сынып оқушыларымен

кәсіптік бағдар бойынша келесі жұмыстар өткізілді:  

диагностикалық (оқушылардан сауалнама алу) – 8-9 сынып оқушылары арасында  кәсіптік икемдіктерін анықтау. Мектеп психологі сауалнама арқылы оқушылардың қандай мамандықты қалайтыны анықталды;

консультация өткізу; Оқцшылардың бейімділіктерін анықтау мақсатында сауалнама жұмыстары әрдайым жүргізіліп отырады.Мамандықтардың біздің ортаға қажеттіліктерін біліп оқу бітірген соң сол мамандықты таңдай білуге мүмкіндік береді. Сыныптан және мектептен  тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының негізгі қызметі: біріншіден кәсіптік бағдар беру кабинетінде анықтамалық  ақыл-кеңес материалдарын жинау, екіншіден, әр түрлі сыныптарда кәсіптік бағдар беру әдісі және оқушыларға психологиялық-педагогикалық мінездеме  дайындау жөнінде мұғалімдер және сынып  жетекшілері үшін ақыл кеңес ұйымдастыру; үшіншіден, мамандық жайында оқушылармен  әңгімелесетін кәсіпорын өкілдерімен  кездесу өткізу; төртіншіден, бүкіл  кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, қорытынды жасау. Мектеп директоры мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысына көп  көңіл бөледі, оны бақылайды, басқарады..

Шешім     Кәсіптік бағдар бойынша барлық ақпаратты мектеп сайтына орналастырып отыру;«Владимировка негізгі мектебі» ММ 2016-2017 оқу жылына кәсіптік бағдар бойынша есебінен шешім шығаруға болады;

         1. «Владимировка негізгі мектебі» ММ кәсіптік бағдар бойынша мақсаттылы жұмыс

жүргізілуде.          

2. Кәсіптік бардар жоспарының жұмысы жақсы деңгейде жұмыс жүргізген.

 

Просмотров: 703


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст