Бүгін, 2025 жылдың 1 желтоқсанында, біз көптен күткен химия, биология және география онкүндігін бастаймыз! Бұл онкүндік табиғаттың құпияларын, тірі ағзалардың өзара байланысын және жершарымыздың таңғажайып географиялық ерекшеліктерін ашатын ғылымдар әлеміне нағыз саяхат болады. Іс-шараның мақсаты: Химия, биология және география онкүндігін салтанатты түрде ашу. Осы пәндерді оқуға деген қызығушылық пен ынталандыру атмосферасын қалыптастыру. Оқушылардың білім деңгейін арттыру және дүниетанымын кеңейту. Шығармашылық қабілеттер мен командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Химия, биология және география онкүндігінің ашылуына арналған салтанатты жиын өте жақсы өтті. Жоғары сынып оқушылары әр ғылымның маңыздылығы туралы қысқа, әрі қызықты презентациялар дайындады. Оқушылар мен мұғалімдердің айтуынша, бұл жиын онкүндіктің тамаша бастамасы болып, барлығын өнімді және қызықты жұмысқа позитивті көңіл-күймен шабыттандырды!