Бүгін мектепте Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Бүгінгі қадам – ертеңгі Жеңіс» атты бұқаралық жарыс өтті*. Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларды спортқа баулу, өскелең ұрпақтың дене шынықтыруға қызығушылығын арттыруға бағытталған. Жарыс достық және белсенді атмосферада өтті. Әр сынып оқушылары қатысып, бірлік, қайсарлық, жеңіске деген құлшыныс танытты. Жарыс сонымен қатар салауатты және белсенді ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясында өтті. Мұндай іс-шаралар балалардың бойында спортқа деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді, өз денсаулығына жауапкершілікті тәрбиелеуге көмектеседі.