Бүгін 7-сыныпта “Абай – қазақтың ұлы ақыны” атты парасаттылық сағаты өтті. Сағат барысында ұлы ақынның өлеңдері мен қарасөздерінен үзінділер тыңдап, оның адамгершілікке, білімге, еңбекке шақыратын дана ойларымен таныстық. Абайдың тілінің көркемдігі мен ойының тереңдігі балаларға ерекше әсер етті. Бұл сағат Абайдың қазақ халқының рухани қазынасы екенін тағы бір рет дәлелдеп, парасатты азамат болуға тәрбиелейтін ойлар сыйлады.